РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ



9 қазанда Астана қаласының №2 Көпбейінді қалалық ауруханасында 25 қазан – Республика күніне орай салтанатты кездесу өтті.

Ауруханамызға Қазақстан Республикасы Ауған соғысы және әскери қақтығыстар ардагерлері одағының өкілдері мен құрметті қонақтар арнайы келіп, медицина қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Құрметті қонақтар қатарында:

  • Осанов Серик Айдарханович – полковник, ардагерлер одағы төрағасының міндетін атқарушы;
  • Галеев Ерсайн Ерназарович – «ӘDILET» партиясы Бюросының мүшесі;
  • Турегалдин Тулеген Жаксыбаевич – «Намыс-Ардагер» қоғамдық қорының төрағасы;
  • Байжуманов Жанат Кабдрахимович – Қазақстан десантшылары одағының басшысы;
  • Омаров Канат Калимаскарович – интернационалист жауынгер;
  • Глушенко Игорь Николаевич – Қазақстан десантшылары одағының өкілі;
  • Кузербаев Айтуган Кулмахамбетович – ардагерлер одағы төрағасының орынбасары;
  • Ташуманов Амангельды Пермешевич – адвокат;
  • Калдыбекова Айгуль – ардагерлер одағы төрағасының көмекшісі;
  • Исин Ержан Акжанович – «Астана» оркестрінің көркемдік жетекшісі болды.

Бүгінгі кездесуде әріптестерімнің қажырлы еңбегіне көрсетілген құрмет пен ықылас мен үшін ерекше қуаныш әрі үлкен мәртебе болды.

Аурухана басшылығы мен бірқатар медицина қызметкерінің марапаттар және алғыс хаттармен құрметтелуі – бүкіл ұжымымыздың еңбегіне берілген жоғары баға деп білемін.

Қонақтарымыздың тарту еткен әсем әндері мен мерекелік бағдарламасы кездесуімізге ерекше жылулық сыйлады.

Аурухана директоры ретінде ақ халатты абзал жандардың еңбегін бағалап, арнайы құттықтап келген ардагерлер қауымдастығына, құрметті қонақтар мен өнерпаздарға шын жүректен алғысымды білдіремін!

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы игі істеріңізге толағай табыс тілеймін!

Еліміздің аспаны ашық, заманымыз тыныш, халқымыз аман болсын! Тәуелсіз Қазақстанымыздың мерейі әрдайым үстем болсын!

Республика күні құтты болсын!

Құрметпен,
Астана қаласы №2 Көпбейінді қалалық ауруханасының директоры
Тұрсынбаев Нұрбол Нұрланұлы