Көз — әлемнің сұлулығын сезінуге, жақындарымыздың жүзін көруге және өмірдің әр сәтінен ләззат алуға мүмкіндік беретін баға жетпес байлық.
Дүниежүзілік көру күні — көз денсаулығын сақтаудың, көру қабілетінің бұзылуының алдын алудың және көз ауруларын ерте анықтаудың маңыздылығын еске салатын күн.
Көз саулығын сақтау үшін:
- Көз дәрігеріне уақытылы қаралыңыз.
- Экран алдында ұзақ отырғанда үзіліс жасаңыз.
- Дұрыс тамақтанып, жеткілікті демалыңыз.
- Көзіңізді ультракүлгін сәулелерден қорғаңыз.
- Көру қабілетіңіздегі өзгерістерді назардан тыс қалдырмаңыз.
Көзіңізді күтіңіз! Өйткені әлемнің бар сұлулығы — сіздің жанарыңызда!
