-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
Қарты бар үйдің – қазынасы бар
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мен №2 Көпбейінді қалалық ауруханасы бірлесіп, денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, бүгінде зейнет демалысындағы ардагерлеріміздің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Саналы ғұмырын адам өмірі мен денсаулығын сақтауға арнаған аға буын өкілдеріне ізгі тілектерімізді жеткізіп, ақ баталарын алдық. Олардың мол тәжірибесі, адал еңбегі мен медицина саласына қосқан үлесі – кейінгі буын үшін әрдайым өнеге.
Қарттарымыз – біздің қазынамыз, өткеніміз бен бүгінімізді жалғап тұрған алтын көпіріміз.
Ардақты ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз. Әрдайым ұрпақтарының ортасында қадір-құрметке бөленіп, ақ баталарыңызды беріп, аман-есен ортамызда жүре беріңіздер!
Қарттарымыз аман, шаңырақтарымыз берекелі болсын!
