-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
№2 Көпбейінді қалалық ауруханада мейіргерлерге «Қанның стерильділігіне талдау алу» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізілді.
Сабақ барысында қан үлгісін дұрыс алу алгоритмі, асептика және антисептика талаптарын сақтау, биоматериалды алу мен зертханаға жеткізу тәртібі түсіндіріліп, тәжірибе жүзінде көрсетілді.
Мұндай оқыту сабақтары мейіргерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге, зертханалық зерттеулердің сапасын арттыруға және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Кәсіби білім мен тәжірибелік дағдыларды үздіксіз жетілдіру – сапалы медициналық көмектің маңызды негіздерінің бірі.
