Бүгін біздің аурухана үшін маңызды әрі қуанышты күндердің бірі болды



Құрметті әріптестер, қала тұрғындары!
Бүгін біздің аурухана үшін маңызды әрі қуанышты күндердің бірі болды.

Жақында өз есігін ашатын Қабылдау-диагностикалық кешенмен (ПДК) танысу мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова ауруханамызға арнайы келіп, жаңа нысанның мүмкіндіктері мен заманауи медициналық жабдықтарын көрді.

Жаңа ПДК – тұрғындарға шұғыл және сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталған заманауи медициналық кешен. Нысанның тәуліктік жоспарлы қуаты – 850–1000 өтінішке дейін.

Кешенде заманауи жоғары технологиялық медициналық жабдықтар қарастырылған. Олардың қатарында 3 Тесла МРТ, КТ, рентген аппараты, ангиографиялық жүйе, заманауи ультрадыбыстық аппараттар, эндоскопиялық жабдықтар және операциялық кешендер бар.

Сонымен қатар ПДК құрамында ересектерге арналған травмпункт, травматология бөлімі, Инсульт орталығы, ОАРИТ, шұғыл операциялық және автоматтандырылған госпитальдық фармация жүйесі жұмыс істейтін болады.

Нысанның басты ерекшеліктерінің бірі – акушерлік және клиникалық науқастар ағынының бөлек ұйымдастырылуы, сондай-ақ травмпунктке арналған жеке кіреберістің болуы. Бұл пациенттерді қабылдау мен медициналық көмекті жедел ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Министрдің сапары барысында жаңа кешеннің мүмкіндіктері таныстырылып, оның медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырудағы маңызы атап өтілді.

Біз үшін Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған назар мен қолдаудың орны ерекше. Алдағы уақытта жаңа ПДК-ның іске қосылуы аурухана ұжымының кәсіби әлеуетін одан әрі арттырып, қала тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.
Жаңа ПДК – заманауи медицина, озық технология және адам денсаулығы үшін жаңа мүмкіндіктер.
Бір мақсат – сапалы медициналық көмек көрсету және пациент игілігі үшін қызмет ету.