29 қыркүйек — Дүниежүзілік жүрек күні

Жүрек — адам ағзасындағы ең маңызды мүшелердің бірі. Оның саулығы — өмір сапасы мен ұзақ ғұмырдың маңызды кепілі.

Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін:

  • қан қысымы мен холестерин деңгейін тұрақты бақылаңыз;
  • дұрыс әрі теңгерімді тамақтануға көңіл бөліңіз;
  • дене белсенділігін арттырыңыз;
  • зиянды әдеттерден бас тартыңыз;
  • профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіңіз.

Жүрекке қамқорлық — өз денсаулығыңа қамқорлық.
Өзіңізді және жақындарыңызды жүрек саулығына мән беруге шақырамыз!