Бүгін №2 көпбейінді қалалық ауруханасының Травматология бөлімшесінде халықаралық деңгейдегі шеберлік сабағы өтті



Бүгін №2 көпбейінді қалалық ауруханасының Травматология бөлімшесінде халықаралық деңгейдегі шеберлік сабағы өтті.

Үндістанның Ахмедабад қаласындағы Save Life Hospital ауруханасының директоры, роботтық хирург Dr. Rutul Gandhi және Үндістаннан келген әріптестеріміз біздің аурухананың травматолог дәрігерлерімен бірге заманауи MISSO Robotic System роботтандырылған хирургиялық жүйесін қолдана отырып, мастер-класс өткізді.

Шеберлік сабағы барысында роботтық хирургияның заманауи мүмкіндіктері көрсетіліп, тәжірибе алмасу, инновациялық технологияларды тәжірибеге енгізу және дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытындағы маңызды мәселелер талқыланды.

Мұндай халықаралық ынтымақтастық отандық медицинаны дамытуға, озық тәжірибені енгізуге және пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеруге зор үлес қосады.