Медицина қызметкерлері күні

Қазақстанда жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде Медицина қызметкерлері күні аталып өтеді. Бұл – адам өмірі мен денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген жандардың мерекесі.

Осы айтулы күнге орай, Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

  • Шара барысында «Ақ халатты абзал жандар» қызыл кілем үстімен жүріп өтіп, естелік суреттерге түсіп, арнайы қабырғаға өз қолтаңбаларын қалдырды.
  • Мерекелік жиында денсаулық сақтау саласының үздіктері марапатталып, 8 түрлі номинация бойынша кәсіби мамандар өз марапаттарын иеленді.

Біздің аурухананың ұжымы да осы мерекелі шараның ортасынан табылып, әріптестерімізбен бірге қуанышқа ортақтасты.

Барлық медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз әрқашан бағалана берсін!