29 мамыр күні №2 Қалалық көпбейінді ауруханада SonoScape компаниясының IVUS (ішкі тамырлық ультрадыбыстық зерттеу) технологиясына арналған мастер-класс табысты өтті



29 мамыр күні №2 Қалалық көпбейінді ауруханада SonoScape компаниясының IVUS (ішкі тамырлық ультрадыбыстық зерттеу) технологиясына арналған мастер-класс табысты өтті.

Бұл іс-шара интервенциялық радиологтар мен эндоваскулярлық хирургтар үшін үлкен мүмкіндік болды.

Мастер-класс барысында қатысушылар:

  •  SonoScape V20P жүйесінің мүмкіндіктерімен танысты;
  •  IVUS технологиясының клиникалық маңыздылығын және оның эндоваскулярлық оталардың қауіпсіздігін қалай арттыратынын зерттеді;
  •  Күрделі клиникалық жағдайларды талдап, тәжірибе алмасты.

Оқытушымыз — IVUS SonoScape өнім менеджері Leilei ханым өз білімімен және кәсіби кеңестерімен бөлісті. Қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс айтамыз!