-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
Бүгін, 21 мамырда, №2 Қалалық көпбейінді ауруханасында интервенциялық радиологтарға арналған «Колено артерияларын эмболизациялау (ЭКА)» атты халықаралық оқу курсы сәтті аяқталды. Бұл шара остеоартрозды емдеудің ең заманауи және аз инвазивті әдістерін меңгеруге бағытталған.
Бас спикер мен сарапшы:
Бонн қаласындағы Веге клиникасының диагностикалық және интервенциялық радиология және нейрорадиология бөлімінің меңгерушісі, бас дәрігер, профессор, д-р Аттила Ковач өзінің бағалы тәжірибесімен бөлісті.
Мастер-класс бағдарламасында:
- Остеоартрозды емдеудегі ЭКА-ның орны мен соңғы ғылыми зерттеулер талқыланды.
- Нақты клиникалық жағдайлар қарастырылып, антеградты және контралатеральды ретроградты бедренный доступ әдістері тәжірибеде көрсетілді.
- ЭКА-ға арналған шығыс материалдарының жиынтығымен жұмыс істеу ерекшеліктері сөз болды.
- Дамып келе жатқан орталықтарда ЭКА бағдарламасын іске қосу және оның ұзақ мерзімді нәтижелері сараланды.
Шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар салтанатты түрде табысталды. Сонымен қатар, алыстан ат терлетіп келіп, отандық медицинаның дамуына үлес қосқан мәртебелі қонағымыз — профессор Аттила Ковач мырзаға ерекше ілтипат көрсетілді. Халқымыздың ежелгі дәстүріне сай, терең ризашылығымыздың белгісі ретінде мәртебелі ғалымға қазақи нақыштағы ұлттық шапан жауып, ерекше құрмет көрсеттік.
