2026 жылы Астана қаласы әкімдігінің «№2 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды бастау туралы АНОНС

2026 жылы Астана қаласы әкімдігінің «№2 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ  МКК (бұдан әрі - Кәсіпорын)  қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.

Кәсіпорын  қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағытта жүргізілді:

1) Кәсіпорын қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Кәсіпорын ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Осыған байланысты, барлық ниет білдірген тұлғалардан 2026 жылы
13 мамырда сағат 15:00-де Астана қаласы, Т. Рысқұлов көшесі 6 мекенжайы бойынша конференц-залда өтетін талқылауға қатысуды сұраймыз.

Жария талқылауға қатысқысы келетіндер 8-701-23-01-80 телефон бойынша немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық пошта арқылы хабарласауға болады.