Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті әріптестер, қадірлі жерлестер!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің медицина ұжымы үшін бірлік пен ынтымақ – күнделікті жұмысымыздың басты қағидасы. Әрбір емделушінің сауығып кетуі – дәрігерлердің, мейірбикелер мен барлық қызметкерлердің бірлескен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Ортақ мақсат жолындағы татулығымыз бізді жаңа белестерге жетелейді.

Мереке берекесін ала келсін! Баршаңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Еліміз тыныш, бірлігіміз әрдайым бекем болсын!

Ізгі ниетпен, Тұрсынбаев Нұрбол Нұрланұлы.