Бір донор — бес тағдыр: Астанада бірегей операция өтті



Бір донор — бес тағдыр: Астанада бірегей операция өтті
Қайырымдылық пен кәсібиліктің үлгісі
Астана қаласының №2 көпбейінді қалалық ауруханасында қайтыс болғаннан кейінгі донордан мультиорганды алу бойынша күрделі операция жасалды. 43 жастағы елорда тұрғыны өз өлімінен кейін 5 адамға өмір сыйлады.
Бұл маңызды қадам Донор отбасының батыл шешімі мен елордалық дәрігерлердің, Транспланттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың, UMC қоры мен Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық мамандарының кәсіби жұмысының арқасында жүзеге асты.
Нәтижесінде:
Жүрек, өкпе, бауыр және бүйректер трансплантацияға жіберілді.
Күту парағында тұрған бес пациент үшін бұл — өмірге қайта оралу мүмкіндігі.
Қазақстанда донорлық мәдениетін қалыптастыру — мыңдаған адамның тағдырын өзгерту. Әрбір донор — құтқарылған бірнеше өмір.