{gallery}2025news/14-06-2025{/gallery}
Қымбатты достар! Сіздермен бөлісер қос бірдей жағымды жаңалығымыз бар. Бүгін Медицина қызметкерлері күніне арналған «Алтын шипагер» іс-шарасында біздің аурухана ұжымы екі аталымда жеңімпаз атанды. Атап айтсақ, «Алтын стетоскоп» аталымы бойынша №2 Қалалық көпбейінді аурухана директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Алия Серікқызы Джумахаева бас жүлдені жеңіп алды.
Сондай-ақ №2 Қалалық көпбейінді ауруханасының ұжымы кештің ең басты сыйлығы «Алтын шипагер» жеңімпазы болып танылды. Бұл - біз үшін жоғары құрмет және еңбектің жоғары бағасы деп білеміз. Барша әріптестерімізді ҚР Медицина қызметкерлері күнімен құттықтай отыра, сіздерге аялы алақаныңыз бен баға жетпес құнды еңбектеріңіз үшін шексіз зор алғыс айтқымыз келеді.
Марапат құтты болсын, құрметті әріптестер!