Босандыру қызметінің сапасын бақылауға мониторинг жасалды



Босандыру қызметінің сапасын бақылауға мониторинг жасалды.
 
Астана қаласындағы босандыруға көмек көрсету қызметінің сапасына талдау жасап, ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету мақсатында бүгін біздің ауруханамызға арнайы мониторингтік топ, атап айтсақ «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі Шиканова Светлана Юрьевна, «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі Исенова Сауле Шакеновна, “Қарағанды медицина университеті” КеАҚ жедел медициналық көмек, анестезиология және реанимация кафедрасының меңгерушісі Васильев Дмитрий Владимирович, «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ реанимация бөлімінің меңгерушісі Куандыков Тлеуберди Кенесбаевич келді.
 
Мониторингтік топ аурухана тынысымен танысып, қабылдау бөлімшесінен бастап бірқатар аралады, қызметкерлермен тілдесті, әр бөлімшенің техникалық жабдықталуын бақылады. Аталмыш топ ана өлімін төмендету жөніндегі жұмыстарды қадағалап, Астана қаласы бойынша жұмыс сапасын қорытындылайтын болады.