Бүгін - мәртебелі күн.
1992 жылы Тәуелсіздік алған келесі жылы біздің рәміздеріміз бекітілді. 2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданған. Аталмыш Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қыран құс, ұлттық өрнек, күннің алтын шұғыласы, рәміздеріміздегі әр нышанның өз мағынасы, маңызы бар. Бұл - халқымыздың мұқалмас ерік-жігерін, елдігін білдіретін құндылығымыз.
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Елдігіміз, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!