20 мамыр — Дүниежүзілік травматологтар кұні

Қозғалыс - бұл өмір! Бірақ кейде бір құлап, жығылып, аяқ асты ауру меңдеп жатады. Жеңіл жарақаттың ауыр зардаптарға әкеліп жататыны тағы бар. Медицинада сүйегің сынып, балтырың сыздағанда жарақаттың жарасын таңатын, қимыл-қозғалысты қалпына келтіретін жоғары зейінді мамандар - травматолог дәрігерлердің бүгін кәсіби мерекесі. Олар емдейтін аурудың аясы да алуан.

Біздің ұжымда өз саласының ең мықты, маңдайалды мамандары қызмет көрсетеді. Құрметті біздің травматолог дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Өмірлеріңізде “жарақатты” жағдайлардан жоғары көңіл-күй басым болсын. Күн сайын тәуліктің тіліне тәуелсіз түрлі қатерлерден науқастарымыздың өмірін аман сақтап қалып жатырсыздар. Антқа адалдықтың жоғары үлгісіне айналған еселі еңбегіңіз, күн сайынғы мүлтіксіз мұқият қызметіңіз үшін сіздерге алғыс білдіреміз.

Дәрігерлерімізге мықты денсаулық, күш-жігер, кәсіби шыңдалу тілейміз, науқастарыңыздың алғысын арқалап, толайым табыстарға жете беріңіздер.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Городская многопрофильная больница №2 (@g.m.b.2_astana)