ЕУРОПАЛЫҚ ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ

Аурумен күрестен гөрі оның алдын алу әлдеқайда маңызды.

Қазіргі уақытта қауіпті деген аурулардың алдын алудың ең тиімді құралы - вакцинация.

Көп жас ата-аналар балаларын екпе алуынан қорқып, иммундаудан бас тартып жатады. Алайда адамзат тарихында вакцинаның көмегімен шешекті және полиомиелитті жеңгені мәлім. Сондай-ақ туберкулезбен және А және В вирустық гепатиттеріне шалдығу айтарлықтай азайған екен. Дәрігерлер вакцина алуға үндеп, ата-аналарға дабыл қағады.

Еліміз үшін тұрғындардың денсаулығы - басты құндылық. Соның ішінде сәби денсаулығын қорғауға аса көңіл бөлінген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын Еуропалық иммундау апталығын өткізеді, биыл Еуропалық иммундау апталығы 2025 жылдың 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында «Жаппай иммундау – адамның қолынан келеді» ұранымен өтіп жатыр. Еуропалық иммундау апталығының мақсаты - әр адам үшін ұзақ және салауатты өмір сүруге ықпал ететін вакциналарға тең құқықты және кең көлемде қол жеткізудің маңыздылығын атап өту.

Вакцина ал, өзіңді және жақындарыңды қорға!

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Городская многопрофильная больница №2 (@g.m.b.2_astana)