Репродуктивті денсаулық апталығы аясында Ашық есік күні



16 мамырда №2 ҚКА-да репродуктивті денсаулық апталығы аясында ұйымдастырылған Ашық есік күні өтті.
 
Барлық ниет білдірушілер акушер-гинекологтардан тегін кеңес алуға, көкейде жүрген қызықты сауалдарына жауап алып, әйелдер денсаулығын сақтау бойынша кеңестер алуға мүмкіндік алды. Генетиктер отбасын жоспарлаудың маңыздылығы, тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу және генетиканың жүктілікке дайындықтағы рөлі туралы айтты.
 
Іс - шараның басты тақырыбы репродуктивті денсаулыққа деген саналы көзқарасты дәріптеу, өйткені жоспарлау дегеніміз - ананың өзіне деген, болашақ балаға және бүкіл отбасының денсаулығына деген қамқорлығы саналады.