27 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің №2 Қалалық көпбейінді ауруханасында ұялы байланыс пен әлеуметтік желілердегі алаяқтық әрекеттердің жиілеуіне байланысты «Кибералаяқтық» тақырыбында арнайы дәріс өткізілді



27 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің №2 Қалалық көпбейінді ауруханасында ұялы байланыс пен әлеуметтік желілердегі алаяқтық әрекеттердің жиілеуіне байланысты «Кибералаяқтық» тақырыбында арнайы дәріс өткізілді.

Астана қаласы Есіл ауданы ПД Криминалдық полиция басқармасының ресми өкілі полиция аға лейтенанты Көшеров Б.С. біздің қызметкерлерімізге алаяқтық схемалардың жаңа әдістері, қазіргі уақытта тұрғындарды алдаудың кең таралған түрлері туралы профилактикалық дәріс оқыды.
Ұжымға желідегі алаяқтықтан сақтануда негізгі қауіпсіздік ережелері мен қылмыскерлерден зардап шеккен жағдайдағы алғашқы іс-әрекет жайында ұсыныстар берілді.
Айта кетейік, қашан да мұқияттылық таныту сіздің алаяқтардың құрбаны болу қаупін азайтуға, қаржыңызды, жалпы жеке деректеріңізді қорғауға көмектеседі.