Біздің аурухана базасында оториноларингология бөлімшесінің меңгерушісі Ермек Елемесұлы Иманғалиевтің басшылығымен мұрын пердесі перфорациясының хирургиясы бойынша шеберлік сыныбы өтті. Мастер-классқа Ресейдің бас ЛОР дәрігері Юрий Русецкий арнайы келіп, әріптестеріміз өзара тәжірибе алмасты. Дәрігерлеріміздің сөзіне сүйенсек, аталмыш диагноз мұрын қуысына жасалған үздіксіз агрессивті оталардың әсерінен пайда болады. Мұрын іші құрғап, тыныс алуда күнделікті өмірде қолайсыз дыбыс орын алуы мүмкін. Бұл жерде, әрине, кез келген отадан кейін науқасқа арнайы күтім қажеттігін ескеру қажет.
Дәрігерлерімізге ізденіс, ұдайы біліктіліктерін ұштап отыру маңызды. Кезекті мастер-класс, пікір алмасу барша мамандар үшін пайдалы болды.