Қымбатты достар, әріптестер!

Қымбатты достар, әріптестер! 
Баршаңызды келіп жеткен Жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар. Міне, тағы бір табысты жылды артқа қалдырып, ізгі ниет, зор сеніммен жаңа межеге қадам басқалы отырмыз. Көңілді мұң басқан сәттері мен қуанышы қатар жүрген ескі жылға ешқандай өкпеміз жоқ, тек алғыстымыз. Дана қазағым Жылан жылын мол өзгеріс, даналық, көрегенділіктің символы санаса керек. Алдағы 2025 жылға әр жанұяға тек бақыт, молшылық, құт-береке, көл-көсір табыс тілеймін.
Өткен жылдың еншісінде біздің ауруханамыз үшін де айтулы оқиғалар мол болды, осы сәтте өз әріптестеріме ерлікпен пара-пар ерен еңбектері үшін алғыс білдіргім келеді. 
Ғажайып мерекеде көңілге алған барлық ойларыңыз орындалып, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер. Әрбір отандасымның ырыс-несібесі молайып, ел болып бағындырар белесіміз, алар асуымыз көп болғай. Тарихтың жарқын парағында Қазақстанымыздың мерейі үстем болып, ауызбіршілігіміз арта берсін!
Ізгі ниетпен, Н.Тұрсынбаев.