Нұрландар әулетінде дүниеге келген үшемнің біреуі – қыз, екеуі – ұл. Перзентханадан жаңа шыққан батыр ана Айша Искакова аман-есен отбасымен қауышып, дәрігерлерге алғысын білдірді.
Атап айтқанда, нәрестелер реанимациясы бөлімшесінің меңгерушісі Шолпан Нурашбекова, нәрестелерді күту бөлімшесінің меңгерушісі Ирина Цубенко, дәрігерлер: Асия Адгамова, Ақнұр Жамбулова, Арайлым Жарылқап, мейіргерлер: Ұлданай Әбдіқұлова, Асема Дарибаева, Құндыз Осман, Асылжан Тулебай үшем дүниеге келген сәттен бастап жан-жақты көмек көрсетіп, тиісті ем-дом шараларын өткізді.
«Жаңа туған балалардың атын Томирис, Ибрахим, Мухаммад деп қойдық. Өзіміз бұған дейін де 2 бала тәрбиелеп отыр едік, енді бірден 5 баланың анасы атандым. Қуанышымызда шек жоқ. Дәрігерлерге мың алғыс. Біздің отбасымыздағы қуаныш көпке жұғысты болсын» - деді батыр ана Айша Искакова.
Республика күні қарсаңында үшемнің дүниеге келуі жақсылықтың хабаршысы, үлкен қуаныштың басы болса керек.