XIX ғасырдың басты жаңашылдықтарының бірі – дәл осы анестезияның пайда болуы, ол өз кезегінде медициналық зерттеулерді ілгерілетуге, ота жасауда жаңа әдістер қолдануға және көптеген адамдардың өмірін сақтауға айтарлықтай мүмкіндік берді.
Анестезиолог дәрігерлердің арқасында 170-тен астам жыл шамасында ең күрделі хирургиялық оталар жүзеге асырылып келеді.
Бүгінгі атаулы күні барша анестезиолог-реаниматолог дәрігерді кәсіби мейрамымен құттықтаймыз!
Сіздерге сарқылмас қуат, істеріңізге сәттілік, бастамаларыңызға береке, отбасыларыңызға амандық тілейміз.
Ерен еңбектеріңіз үшін мың алғыс!