17 қараша - сол ерекше күтімді қажет ететін уақытынан ерте туылған сәбилер күні

Шала туған “шалабайым” Қазағым мерізімнен бұрын дүние есігін ашуға ұмтылған күрескер сәбилерін осылай атаса керек. 17 қараша - сол ерекше күтімді қажет ететін уақытынан ерте туылған сәбилер күні. Өздеріңізге мәлім, біздің ауруханамызда сәбилердің денсаулығын қадағалайтын неонаталдық қызмет жүйесі тұрақты жұмыс істейді. Іс-шарамыздың ең керемет тұсы - сәби қаз тұрғаннан соң тезірек жүріп кетсін деген ниеттен туған ұлттық тұсаукесер дәстүрі. Өз сөзінде директордың орынбасары Дәурен Сергеевич Мусин ізгі нәрестелерге ізгі тілегін жеткізіп, барша әріптестерге еңбегі үшін алғыс білдірді. Бөлімшелермен бірлесе осынау күнге орай арнайы ұйымдастырылған іс-шара көріністерін назарларыңызға ұсынамыз!