1 ЖЕЛТОҚСАН — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЕВРОЛОГ КҮНІ

Неврологтардың жұмысы адамның орталық және перифериялық нерв жүйесінің ауруларының профилактикасына және емдеуге бағытталған.
Бұрын мұндай мамандар «невропатолог» деп аталды, бірақ бұл атау бүгінде ескірген болып саналады.
Көбінесе бұл маманға бас ауруы, арқа ауруы, эпилепсия ұстамалары, цереброваскулярлық бұзылулар, энцефалитке күдік болса, жұлын мен мидың қатерлі, қатерсіз ісіктері, ұйқының бұзылуы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі және басқалар кезінде жүгінеді.
Неврология саласы терең білімді, зейінді, дәлдікті қажет ететін медицинаның өте күрделі саласы.
Осы орайда неврология саласында тер төгіп жүрген мамандарды кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Қажырлы еңбектеріңіз үшін зор алғыс білдіреміз. Жұмыстарыңыз жемісті, әр істеріңіз берекелі болсын!