Астана қаласындағы № 2 қалалық көпбейінді аурухана жаңа туған нәрестелер хирургиясы бөлімшесінің мамандарымен алғаш рет аз инвазивті “Видеоторокоскопия, диафрагма пластикасы” операциясы жасалды. Кішкентай науқастың диагнозы - туа біткен диафрагматикалық грыжа, оның үстіне нәресте 37 аптада шала туылған, ал салмағы - 2800 грамм. Туа біткен диафрагмалық грыжа – бұл диафрагмада ақау (тесік) бар дегенді білдіреді, әсерінен ішек пен асқазан кеуде ішіне еніп, науқастың өкпесі мен жүрегінің тарылуына әкеп соғады, нәтижесінде тыныс алу жеткіліксіздігі пайда болады да, сәби өздігінен дем ала алмайды. Әдетте, мұндай патологияда ашық түрде ота жасалады, кейін үлкен жарақатпен және операциядан кейінгі ұзақ қалпына келтірумен бірге жүреді. Аталмыш отаның бірегей тұсы - науқастың уақытынан ерте туылу мен аз салмағында. Жаңа технологиялардың, жабдықтардың және операциялық топтың үйлесімді жұмысының арқасында біз мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге аз инвазивті әдіспен жоғары медициналық көмек көрсетуге мүмкіндігіміз бар, осылайша олардың өмір сүру сапасын жақсартып, операциядан кейін тез қалпына келтіруге ықпал етеді. Қазір нәрестеміздің жағдайы қалыпты, өздігінен тыныс алады, жақын арада үйге шығады деп жоспарланып отыр.