Желтоқсанның ызғарлы екпінімен келген егемендіктің күні - Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бүгін, 16 желтоқсан - ұлтымыздың ұлы мұраты жастардың жалынымен, рухымен, ұмтылысымен салтанат құрған күн. Тарих ешқашан өшпейді, қаһарлы қыстың күнінде қайсарлық тынытып, алаңға шыққан жандардың ерлігі ұлт санасында мәңгілікке қалады. Баршамыз соншалық ұлттық рухпен бір жеңнен қол, бір жағадан бас көтеріп, әркім өз саласында кәсіби қызмет етсе, мемлекетіміздің қуаты бүгінгіден де артатыны анық.
Бақытымыз баянды, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Сезімі бүтін, санасы сау, елім деп еміренген ұрпағымыз жасай берсін, әр отбасыға шын жүректен бақ-береке, мол ырыс тілеймін.