Кезекті сәтті ота, кезекті жоғары көрсеткіш

Кезекті сәтті ота, кезекті жоғары көрсеткіш. Жыл басынан бері 29 шала туылған нәрестеге 54 виктрэктомия отасы жасалған. Салмағы аса төмен дүние есігін ашқан нәрестелердің арасында өкінішке қарай жиі кездесетін сырқат – ретинопатия. Бұл - көздің тор қабағы зақымданып, кейін зағиптыққа әкелетін ауру. Дәрігерлер диагноз анықталған сәттен кідіртпей, ота қажеттігін атап өтеді. Осыдан 2 аптадан аса уақыт бұрын бізге Қостанай обылысынан авиациялық жедел жәрдеммен егіз ұлдар келіп түскен еді. Қалалық Көз микрохирургиясы орталығының басшысы Сұңғат Қаратайұлы Купенов бастаған операциялық команда сәтті ота жасап, бүгінде балалар өз үйлеріне оралды. Кішкентай пациенттеріміздің анасы дәрігерлерге алғысын жеткізуде.