Құрметті достар, қоңыр күздің лебімен қыркүйек айының 5 жұлдызында біз атап өтетін бір мереке бар, ол - Қазақстан халқының тілдері күні.
"Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – мемлекеттік тіл. Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады. Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру – мемлекеттің міндеті. Бұл жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді", - деген еді мемлекет басшысы бір сөзінде. Еліміз бір шаңырақ астында көп ұлтты ұйыстырып отыр. Қанша этнос өкілі болса, сонша тіл өмір сүреді. Әркімге өзінің туған тілі ыстық. Ана тілмен бірге “Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл” демекші, біздің мамандарымыз заманауи ақпарат көзін алып, үнемі алда қатарласа жүруде жаңа тіл үйренудің қажеттігін жасырмайды.
Қызметкерлеріміздің айтуынша, жаңа тіл - жаңа білім көзі. Біз мұны Тілдер күніне орай сауалнамада байқадық. Өз кезегінде оқырмандарды мерекемен құттықтап, жадыда сақталған даналық ойлармен бөлісті.