Туберкулез – туберкулез таяқшасымен (Кох бацилласымен) шақырылатын жұқпалы ауру

Туберкулез – туберкулез таяқшасымен (Кох бацилласымен) шақырылатын жұқпалы ауру. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, БЦЖ вакцинасы – бұл аурудың алдын алудың негізгі жолы.
Аталмыш екпе жаңа туған нәрестенің ағзасында туберкулезге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған, дені сау сәбилерге ата-ананың келісімімен жүргізіледі. Бүгін сіздерді туберкулезға қарсы иммундаудың техникасымен таныстыратын боламыз.