- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
“Госпитальдық фармация ҚР көпсалалы стационарларында дәрілік заттарды ұтымды пайдаланудың тиімді моделі ретінде”.
Достар, дәл осындай тақырыпта ауруханамыздағы кезекті мастер-класс өз мәресіне жетті.
Дұрыс емес тағайындаудың алдын алу, дәрілік заттардың дербестендірілген есебін жүргізу, медициналық препараттар пайдалануды бақылау есебінен қаражатты үнемдеу, біз Госпитальды фармация бөлімшесінің оңтайлы тұстарының іс жүзіндегі куәгері болып келеміз. Міне, қазір еліміздің өзге облыстарынан қызығушылық білдірген әріптестермен аталмыш тәжірибені бөлісу - бізге де қуаныш. Бұл жолы Жетісу облысынан денсаулық сақтау өкілдері келді. Бөлімше меңгерушісі, MD, PhD Ожмухамбетова Эльвира Келгембаевнамен ұйымдастырылған бағдарлама шеңберінде қатысушылар Госпитальды фармация бөлімшесінің жұмысымен толық танысып, барлық сауалдарына жауап алды. Шеберлік сыныбының соңғы күнінде қатысушыларға сертификат табысталды.