Маңғыстаулық әріптестер аурухана тынысымен танысты



Маңғыстаулық әріптестер аурухана тынысымен танысты.
Біздің ауруханамызға Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Уразбаевич Избасаров бастаған денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары келді.
Мұндағы басты мақсат - өткен жылы тұсауы кесілген Госпитальды фармация бөлімшесінің жұмысы бойынша тәжірибе алмасу. Бір жылдан аса уақыт ішінде бұл жобамыз бағытымыздың дұрыстығын дәлелдеп, мекеменің бюджеттік қаражатын әжептәуір үнемдеуге мүмкіндік берді. Осы сәтте екі бірдей бөлімше: Травматология және ортопедия бөлімшесі мен Инсульт орталығындағы жөндеу жұмыстары мекеменің өз бюджеттік қаражатына жасалып жатқанын баса айтқымыз келеді.
 
Бас дәрігер Нұрбол Нұрланұлы Тұрсынбаев Делегацияны жөндеу жұмыстарының барысымен таныстырды.
Сондай-ақ кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы мәселелер ортақ талқыға түсті. Мұндай тәжірибе алмасу отандық денсаулық сақтау саласын дамытуға септігін тигізері сөзсіз.