- Click to open image! Click to open image!

Бүгін біздің ауруханамызға ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» өкілдері келді. Ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатымен директор Айдар Кинжитаевич Ситказинов еліміздегі ағзалық донорлық пен трансплантациялық үйлестірудің жай-күйі мен даму перспективалары туралы айтып берді.
Шара барысында әлем бойынша донорлық ағзаны транспланттау тәжірибесі, марқұм болған адамның ағзасын алуға «келісім презумпциясы», Қазақстандағы трансплантациялық хал-ахуал, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілері жайлы сөз қозғалды. «Келісім презумпциясы» ұғымы бойынша адам көзі тірісінде ағзаларын донорлыққа беруге қарсы екенін жазып қалдырмаса, оның қарсы еместігін білдіреді.
Айдар Кинжитаевич тұрғындар арасында ағзалық донор бойынша ақпараттық жұмыстарды күшейту керектігін айтты. Сондай-ақ осы бағыттағы Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық жоспарларымен бөлісті.
Айта кетейік, ағзалық жетіспеушілігі бар науқастарға трансплантация - екінші өмір сыйлайтын мүмкіндік. Әр адам бұл мүмкіндіктің себепкері бола алады.