№2 ҚКА-ға ҚР ДСМ өкілдері келді



Бүгін №2 Қалалық көпбейінді ауруханамызға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Шәкірұлы Нұрлыбаев, ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Ембергенова Мағрипа Хамитқызы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Досмырзаева Гүлназ Төленқызы, ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті аналар денсаулығын қорғау басқармасының басшысы Халықова Шәкизат Жақсынбетқызы келді.
№2 ҚКА директоры Тұрсынбаев Нұрбол Нұрланұлы ауруханамыздағы болашақ аналарға бір тәулік ішінде пренаталді скрининг жүргізудің бір күнде асыру мүмкіндігін беретін “Бір күндік клиниканың” жұмыс барысымен таныстырды.
Сондай-ақ амбулаторлық-емханалық қызмет деңгейінде акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру бойынша облыстық денсаулық басқармаларымен онлайн конференция ұйымдастырылды. Облыстық басқарма өкілдері өз баяндамаларын ұсынып, денсаулық сақтау саласындағы өзекті сұрақтар, болашақ аналарға медициналық жәрдем көрсетудегі жаңашыл жобаның тиімді тұстары, оны іске асыру бойынша сұрақтар талқыланды.