Бүгін, шілденің алғашқы жексенбісі - Ұлттық домбыра күнінде ауруханамызға Астана қаласы әкімдігінің “Қоғамдық келісім” КММ басшысының орынбасары Камета Баймерзаевна Ибраева



Жаңа туған нәрестелерге домбыра тарту етілді.
Бүгін, шілденің алғашқы жексенбісі - Ұлттық домбыра күнінде ауруханамызға Астана қаласы әкімдігінің “Қоғамдық келісім” КММ басшысының орынбасары Камета Баймерзаевна Ибраева, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰУ профессоры Амиржан Альпеисов Каирович, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, педагог-психолог Айшат Гиналиевна Вагапова келді.
Қонақтарымыз мереке күні дүние есігін ашқан сәбилерді құттықтап, гүл шоқтары мен ұлттық аспабымызды табыстады. Жас ұрпақ домбыраның құлағында ойнайтын дәулескер күйші болсын деген ізгі тілектен туған бұл шараның астарында ұлттық құндылықтарды дәріптеу жатыр.
Айта кетейік, бұл мереке ұлттық мәдениетті сақтау идеясымен 2018 жылдан бері атап өтіліп келеді