Баршаңызды еңселі елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті достар, әріптестер!
Баршаңызды еңселі елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бірегей әсем, жаңашыл сәулетімен бой көтерген бас қаламызда қазір Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Саммиті өтуде. Елімізге күллі әлем көз тігіп отыр. Төрткүл дүниеге танылып, Астанамыз күннен күнге құлпырып, өрлеуде. Кешегі көне келбетіне зер салсақ, қаншама тарихи шешімдердің куәгері болып жатқанымызды түсінемін. Еуразия кіндігінде тамыр жайған шаһарымыздың әрқашан жұлдызы жоғары, тарихи жолы тек жарқын нұрға толы болғай. Мереке құтты болсын!