Медицина қызметкерлері күнімен!

Құрметті әріптестер!
Сіздерді келе жатқан Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Адам өмірі қандай құнды қазына болса, сіздердің еселі еңбектеріңіз де сондай бағалы. Адал еңбектеріңізді әлемнің ең жылы сөздері де жеткізе алмасы анық. Өздеріңізбен бірге отандық медицинамыз күннен-күнге қарыштап дамып келеді. Мәртебелеріңіз биік, еңбектеріңіз жемісті болып, қашан да құрметке бөлене беріңіздер. Денсаулығы сыр берген сырқат жанды емдеуде бізге титтей де қателік жіберуге рұқсат жоқ, мүлт кетуге мүлдем болмайды. Жауапкершілік жүгін арқалаған әрбір ақ халатты абзал жанның жүрегін аяққа тұрған науқастың алғыс сөзі жібітіп жіберетіне шүбә жоқ, сол кең пейіл, ақ ниеттен туған табанды жұмысыңыз әрдайым абыройыңызды асқақтата берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға қуаныш пен шексіз бақыт, кәсіби даму тілеймін.
Ізгі ниетпен, Н.Тұрсынбаев.