№2 ҚКА-да неонатолог дәрігерлерге семинар ұйымдастырылды



№2 ҚКА-да неонатолог дәрігерлерге семинар ұйымдастырылды.
Кәсіби маман өз білімі мен шеберлігін үнемі жетілдіріп отырады. Осындай мақсаттағы ауруханамызда неонатолог мамандарға арналған “Респираторлық терапия” тақырыбындағы семинар аяқталды. Түркияның Измир қаласындағы Тиназтепе университетінің профессоры Эсру Арун Озерамен бірге дәрістер өтті. Медициналық кейстер талқыланып, мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті.
Өздеріңізге белгілі, №2 ҚКА-да неонатальдық қызмет жолға қойылған. 4 бірдей бөлімшеде жаңа туылған сәбилердің жағдайы қадағаланып, біздің мамандармен жылына дүниеге келетін 14 мыңға жуық сәбиге медициналық көмек көрсетіледі.