Дүниежүзілік демікпе және аллергия күні

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, Жер тұрғындарының 30% - ы аллергияға шалдыққан, ал бронх демікпесі диагнозі планетаның ересек тұрғындарының 5% - на қойылса керек.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, Жер тұрғындарының 30% - ы аллергияға шалдыққан, ал бронх демікпесі диагнозі планетаның ересек тұрғындарының 5% - на қойылса керек.

 
Аллергия организмнің қоршаған орта факторларына деген жоғары сезімталдығын білдіреді және ол әртүрлі ауруларға, соның ішінде бронх демікпесіне әкелуі мүмкін. Демікпе адамдарда қоздырғыш факторлардың әсерінен пайда болуы мүмкін. Ересектерде патология көбінесе пневмониядан кейін өршиді, ал балаларда оның пайда болуы генетикалық бейімділікке байланысты болуы мүмкін. Аллергиялық реакциялар мен астма толық жеңу қиын, дұрыс өмір салты мен уақытылы терапия ғана адамдарға өмірде жағымсыз факторлардан аулақ болуға мүмкіндік беретінін айтады пульмонолог мамандар.
 
Аллергиялық реакция шабуылын болдырмас үшін аллергия тудыратын факторлардан аулақ жүруге тырысқан жөн, темекі шегуден бас тарту керек, шаң мен жүн жинайтын заттарды интерьерден алып тастап, үнемі тазалыққа ұмтылу өмір сүруді әлдеқайда жеңілдетеді. Дәрігердің тағайындауын мұқият орындай отыра, ем-шараны бақылау үшін үнемі тексеруден өту маңызды.
 
Бүгінгі күннің мақсаты – аталмыш аурулар диагностикасының маңызын ұғындыру.
 
Құрметті пациенттер, өз-өздеріңізді емдеумен айналыспай, кәсіби маман көмегіне жүгінуге шақырамыз!