Дәрігер болу - ыстық ықыластан туатын таңдау



Дәрігер болу - ыстық ықыластан туатын таңдау. Аруханамыздағы әрбір қызметкер науқастың сырқатына дәл, дұрыс ем беріп қана қоймай, оның көңіл терезесін кірлетпей, әдемі, жақсы көңіл-күймен үйге оралуына барын салып келеді. Ал бұл аурухана аумағына кірген сәттен-ақ басталады деп білеміз.
 
Ауруханамыздың келісті келбетін сақтауға күш салып, жыл сайынғы дәстүр бойынша медико-генетикалық консультация, әйелдер денсаулығы, катамнез және оңалту бөлімшелері мен
 
Ұрықты қорғау орталығының қызметкерлерінің күшімен акушерлік ғимарат алдына гүлдер отырғызылды. Осылайша жаны мен тәні егіз, санасы сау болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін үздік қызметпен бірге ауруханамыздың барлық жағынан көркеюіне үлес қосып жүрген қызметкерлерімізге зор алғыс білдіреміз!