28 мамыр – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ КҮНІНДЕ нәзік жандылардың денсаулық сақшысы атанған ардақты мамандарды құттықтаймыз!



«Жатыры асыл анадан тақымы берік бала шығады» деген салиқалы сөзбен-ақ қазақ құрсаққа құрмет көрсеткен екен. Жүректің астына жүрек сыйғызған аналарымыз бен ертеңгі ел болашағы - сәбилеріміздің денсаулығы біз үшін де – басты орында.
 
Бүгін, 28 мамыр – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ КҮНІНДЕ нәзік жандылардың денсаулық сақшысы атанған ардақты мамандарды құттықтаймыз!
 
№2 Қалалық көпбейінді ауруханасында жоғары қауіп тобындағы және экстрагениталдық аурулары бар жүкті әйелдерге білікті амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді, бедеулігі және жүкті бола алмай жүрген ерлі-зайыптыларға консультациялық және емдік көмек көрсетіп, гинекологиялық ауруларды диагностикалап, емдейтін әйелдер денсаулығы бөлімшесі жұмыс істейді. Негізі бөлімшемен қатар, біздегі әйел денсаулығы саласының барша мамандары болашақ ана денсаулығын қорғауға күш салады. Нәзік жандылардың әрқайсысының денсаулығы ерекше назарды талап етеді және оларға көңіл бөлу аса маңызды.
 
Бүгінгі күннің басты мақсаты - қалың жұртшылыққа денсаулық адамзаттың негізгі құндылықтарының бірі екенін, ал соның ішінде әйел денсаулығы кез келген ұлттың болашағы үшін үлкен маңызға ие екенін кезекті мәрте еске салу.