Астана қаласы әкімдігінің «№2 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК (бұдан әрі - Кәсіпорын) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды бастау туралы АНОНС 10.06.2024

Астана қаласы әкімдігінің «№2 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.

Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағытта жүргізілді:

1) Кәсіпорын қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Кәсіпорын ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Осыған байланысты, барлық ниет білдірген тұлғалардан 2024 жылы 10 маусымда сағат 15:00-де Астана қаласы, Т. Рысқұлов көшесі 6 мекенжайы бойынша конференц-залда өтетін талқылауға қатысуды сұраймыз.

Жария талқылауға қатысқысы келетіндер 8 (701) 235 01 80 телефоны бойынша хабарласауға болады.