“Таза Қазақстан: Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі” экологиялық акциясы біздің ауруханамызда қалай жүзеге асты?



“Таза Қазақстан: Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі” экологиялық акциясы біздің ауруханамызда қалай жүзеге асты?
 
Өздеріңізге мәлім, елордамызда бастау алған экологиялық акцияда бір ай бойы №2 Қалалық көпбейінді ауруханасының қызметкерлері де белсенді түрде атсалысқан еді. Қорытындылай келе, ұжымның күшімен мекеме аумағында 3800 м жиектас ақталып, 16 557 м2 аймақ тазаланды. Сондай-ақ 130 қарағай, 8 шырша көшеттері отырғызылды.
 
Осылайша тазалық жанашырлары аурухана айналасын қоқыс қалдықтарынан тазарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.