Науқас травматологияны таңдап келмейді



Науқас травматологияны таңдап келмейді.
 
Гастроэнтерологқа асқазанымыз ауырса, офтальмологқа көзіміз мазаласа, ал құлағымыз нашарлаған жағдайда оториноларинголог маманның көмегіне жүгінеміз. Травматологтарға осы белгілермен қосыла аяқ астынан аяғын сындырған пациенттер келеді. Мұндайда травматологтар өзге саладағы әріптестерімен бірлесе көмек көрсетеді. Әрине, бұл – бір ғана мысал.
 
Мұзтайғақтан жапа шеккенде, биіктіктен оқыс оқиғаға тап болғанда, айта берсек көп, біздің мамандарға күн сайын келетін пациенттердің жас ерекшелігі де, жазатайым жарақаттың ауқымы да әр алуан.
 
Бүгін – қаншама жанның өмірін арашалап келе жатқан травматолог мамандардың кәсіби мерекесі. Зейін мен жылдамдықты, жауаптылықты, аса зор біліктілік пен тәжірибені қажет ететін аталмыш саланың дәрігерлерін біз шын жүректен құттықтаймыз! Ауруханамыздың травматолог дәрігерлеріне түскен пациенттер олардың шеберліктеріне ешқашан шүбә келтірмей, әрдайым оң пікірлері мен жылы сөздерін қалдыруда. Қажырлы еңбектеріңіз үшін біз сіздерге зор алғыс білдіреміз!
 
Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті травматологтар!