№2 ҚКА-да травматология және ортопедия бөлімшесінің мамандарына мастер-класс өтті



№2 ҚКА-да травматология және ортопедия бөлімшесінің мамандарына мастер-класс өтті.
 
Бүгін Ресей халықтары достығы университетінен профессор Денис Владимирович Римашевскийдің қатысуымен біздің ауруханамызда травматолог дәрігерлерге “Тізе буынын ревизиялық эндопротездеу” тақырыбында шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.
 
Сан және үлкен асықты сүйектердің ақауын толықтыру үшін жасалатын бұл күрделі оталар бүгін 2 науқасқа жасалды. Науқастардың бірі Тараз облысынан келсе, бірі - Астана қаласының тұрғыны. Дәрігерлердің айтуынша, пациенттерге артикуляциялық спейсер қондырылған. Енді пациенттерімізге тізе буындарындағы ауру кедергі келтірмеуі тиіс.