Нефролог күні

Нефрология бүйрек қызметі мен ауруларын, бүйрек ауруларының диагностикасын және оларды емдеуді зерттейтін медицина саласын білдіреді.

Нефролог маманның құзыретіне гломерулонефрит, пиелонефрит, уролития, поликистозды бүйрек ауруы, бүйрек жеткіліксіздігі секілді ауруларды емдеу кіреді. Дәл осы маман бүйрек трансплантациясынан кейін науқастарды бақылайды.

Нефрологтар өздерінің кәсіби мерекесін біздің елімізде 27 наурыз күні атап өтеді екен. Барлық нефролог дәрігерлерімізді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!