Достар, 2015 жылдан бері 26 наурыз күні Дүниежүзілік эпилепсиямен күрес күні атап өтіледі.

Достар, 2015 жылдан бері 26 наурыз күні Дүниежүзілік эпилепсиямен күрес күні атап өтіледі.

Эпилепсия - бұл жүйке жүйесінің ең көп таралған ауруларының бірі, бүгінгі таңда аса маңызды медициналық және әлеуметтік проблема болып табылады. Эпилепсиямен ауыратын адамдардың басым көпшілігі уақытылы медициналық тексеруден өтіп, тиісті ем алу арқылы ұстамасыз өмір сүре алады.

Эпилепсия тұрақты ремиссияға қол жеткізуге болатын бірнеше созылмалы аурулардың бірі болып табылады: науқастардың отбасын құрып, дүниеге дені сау бала әкеліп, толыққанды өмір сүруге кедергісі жоқ. Бұл күннің маңызы - ауруға шалдыққан науқастарға қолдау көрсету.