Қымбатты әріптестер! Құрметті Қазақ елі!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз - табиғат-Ананың түлейтін, тіршіліктің жанданып, қыстан аман шығып, жер жаһанның жаңаратын уақыты. Сонау көнеден келе жатқан Наурыз мейрамын біз қуанышпен күтеміз.

Бұл - көпұлтты мемлекетімізді ұйыстырып, ұлттық құндылықтарымыз бен ізгі дәстүрлерімізді ұлықтап, жүрекке қуаныш сыйлайтын мерейлі мереке.

Ұлық мейрамда дендеріңізге саулық, жоғары жетістіктерге жетуге қажыр-қайрат, отбасыларыңызға зор қуаныш, бақыт пен молшылық тілеймін. Ұлттық Жаңа жылымыз барша қазақстандықтар үшін жағымды жаңалықтар, толағай табыс ала келсін.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ынтымағымыз берік, әр күніміз берекелі болсын деймін!

Ізгі ниетпен, Н.Тұрсынбаев.