Спорт - денсаулық кепілі! Дәл осындай ұранмен №2 ҚКА командасы кезекті спорттық сайыста өз шеберліктерін танытты



Спорт - денсаулық кепілі! Дәл осындай ұранмен №2 ҚКА командасы кезекті спорттық сайыста өз шеберліктерін танытты.

“AQNIET” Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымы мен Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен әйелдер арасында Спартакиада жалғасып жатыр.

Салауатты өмір салтын насихаттаудағы кезекті жарыс бүгін боулинг бойынша өтіп, біздің ұжым қызметкерлері Гүлжайна Молдабекова мен Фариза Есалиева жүлделі 3 орынға ие болғанын мақтанышпен хабарлаймыз, достар!

Жан-жақты қызметкерлерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!